Мемлекет Басшысы Нигерия Президентімен кездесті

Мемлекет Басшысы Нигерия Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Нигерия Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Африка құрлығындағы ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді. Өз кезегінде Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады. Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады. Сондай-ақ, Президент Нигерия басшысын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?