«Ақорда»
резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан
Республикасының Президентіне Сенім
грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Испания
Корольдігі, Эстония, Өзбекстан, Судан, Руанда, Доминикан және Маврикий
Республикасының өкілдері
дипломатиялық құжат тапсырды. Қасым-Жомарт
Тоқаев елшілерді
Қазақстандағы дипломатиялық
миссияларының ресми басталуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
- Қазақстан
сыртқы саясатында бейбітшілікті жақтайды, БҰҰ Жарғысының қағидаттарын берік
ұстанады және халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашық. Біз Біріккен ұлттар ұйымының
жаһандық кеңістіктегі орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынына нық
сенімдіміз. Бұл бірегей ұйымды әрқашан қолдаймыз. Осы орайда сіздердің
елдеріңізбен екіжақты қарым-қатынасты, сондай-ақ көпжақты деңгейдегі
байланыстарды дамытуға ниеттіміз.