Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында Жоғары аудиторлық палата төрағасы хабарлады. Наталья Годунова биыл жылу энергетика кешендерінде де аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары жоспарланып отырғанын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ жоғары аудит органының өткен жылғы жұмысының есебімен танысты. Оған сәйкес, өткен жылы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.