Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады. Президент – ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндалды.

Атап айтсақ, халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу, сондай-ақ Қарулы Күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты мәлімет берілді. 

Заманауи қару-жарақ және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жоғарғы Бас қолбасшы министрге елдің Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.