«Қазақстан халқына» қоры 134 қайырымдылық жобасын іске асыруда

«Қазақстан халқына» қоры 134 қайырымдылық жобасын іске асыруда

Президент «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаеваны қабылдады. Мемлекет басшысына қор қызметі туралы мәлімет берілді. Қазіргі таңда қор әлеуметтік маңызға ие міндеттерге бағытталған білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларында 130-дан астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаны бекіткен. Атап айтқанда, онкологиялық қызметке қолдау көрсетіліп, медициналық ұйымдар заманауи құрылғылармен, сәулелік терапия қондырғыларымен жабдықталды. Білім беру бастамаларына назар аударылып отыр. Гранттар тағайындалып, ауылдық мектептерді дамыту жобалары, STEM-білім беру мен цифрлық шешімдер секілді заманауи оқу бағдарламалары енгізілуде. Балалар мен жастардың қосымша біліммен қамтылуына, жасанды интеллектті игеруіне баса мән берілген. Мемлекет басшысы қайырымдылық шараларын ашық, жүйелі әрі мақсатты түрде іске асырудың маңызына тоқталды.

Ләззат Шыңғысбаева, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы:

- Спорт саласында бірнеше өңірде жоспарланып қойған салатын нысандарымыз бар, әлеуметтік салада балалардың ауданда ашылатын оңалту орталықтары бар, және де білім саласында ауылдардағы мектептерді әрі қарай масштабтап, қолдап, бүгінгі жұмысымызға оң баға алып шықтық. Енді білім саласында тағы қосымша даму мәселесі бар балаларымыздың.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?