Шетелдік және өңірлік БАҚ Қазақстан Президентінің елдің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға бағытталған бастамаларын талдады. Басылымдардың бағалауынша, институционалдық өзгерістер мемлекеттік басқарудың тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды зерделеуге басымдық беріліп отыр. Мәселен, қырғыз ақпарат агенттігі - 24.kg Қасым-Жомарт Тоқаевтың вице-президент лауазымын енгізуге қатысты бастамасына назар аударады. Ол елдің билік жүйесіндегі жеке саяси тұлға болмақ, оның өкілеттігін Мемлекет басшысы өзі белгілейді.
Ал, РИА Новости агенттігі
қазақстандық саясаттанушы Андрей Чеботаревтің сұхбатын жариялады, ол біздің
елімізде мемлекеттік биліктің негізгі институттары - президент, парламент,
үкімет арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа жүйесі құрылып жатқанын айтты.,
Сарапшының пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары жалпы Қазақстанда
жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси трансформацияның мақсат-мүддесіне сәйкес
келеді.

