Қазақстан мен Өзбекстан құны 1,2 млрд доллардың бірлескен жобаларын іске қосты

Қазақстан мен Өзбекстан құны 1,2 млрд доллардың бірлескен жобаларын іске қосты

Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық ынтымақтастығы тереңдей түсті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ташкентке мемлекеттік сапары кезінде тараптар бірқатар келісім жасасты. Мәселен елдеріміз шетелде IT-кластерлерді бірлесіп дамытуға уағдаласты. Осылайша, қос мемлекет өздерінің озық технологиялық компанияларын халықаралық нарықтарда бірлескен хабтар желісі арқылы ілгерілететуді көздеп отыр. Бүгінде Силикон алқабы мен Шанхайда бұндай алаңдар жұмыс істеп тұр. Қазір Дубайда жаңа орталық құру үшін дайындық жүріп жатыр.


Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:


- Өзбекстанмен ынтымақтасатын IT-саланың бірнеше бағыты бар. Біріншіден, бұл халықаралық нарықтарда бірлесіп IT-хабтар құру. Мысалы, Силикон алқабында бірлесіп ашқан хабтар бар. Онда Орталық Азия өңірі компанияларының венчурлік инвесторлармен кездесуге және акселерациялық бағдарламалардан өтуге арналған озық инфрақұрылым құрылды.


Қол қойылған құжаттардың ішінде - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы келісім бар. Елдің салалық министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжаумен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, саланы цифрландыруға ерекше назар аударылады.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Сондай-ақ, бірлесіп су шаруашылығы нысандарының тізбесін анықтауға кірісеміз. Яғни, екі жақты арналарды жаңғыртып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан аумағында орналасқан негізгі 12 арна бар. Олар мемлекетаралық пайдаланатын су көздері.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?