Қазақстан шетелдік инвесторларды қолдайды және жобаларды табысты іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға дайын. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев неміс кәсіпкерлерімен кездесуінде айтты. Сонымен қатар денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы әріптестік мәселелері де назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы сирек кездесетін металдарды өндіру және қайта өңдеу ынтымақтастықты дамытудың аса маңызды бағыттарының бірі екенін айтты.
Қазақстан
Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Сонымен қатар президент Қазақстан мен Германияның іскер топтарының дөңгелек үстеліне қатысты. Сондай-ақ, бірінші халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның жаһандық экономикалық процестердегі рөлі туралы өз көзқарасын айтты. Президент форумға қатысушылардың назарын Қазақстанмен экономикалық серіктестік орнатуға жол ашатын перспективаларға аударды. Атап айтқанда, бұл – Транскаспий халықаралық көлік бағдары. Қазақстан президенті «Орта дәліз» аймақтағы сауда мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің басым бөлігін еліміздің халықаралық экономикалық байланыстарды тұрақтандыру ісіндегі рөліне арнады.
Қасым-Жомарт Тоқаев,
ҚР Президенті:
-Еуразиядағы
екінші ірі мұнай қорына ие Қазақстан әлемдік нарықтарға энергетикалық
ресурстардың ірі жеткізушісі саналады. Біздің мұнай экспортының 70 пайызы
Еуропа Одағына шығарылатынын ескере отырып, экспорттық әлеуетімізді кеңейтуге
және жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз.
Қазақстан Президенті форум қатысушыларына ұлттық экономиканы дамытудың перспективалары туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев,
ҚР Президенті:
-Былтыр Қазақстан
экспорты 40 пайызға жуық өсті. Біздің ЖІӨ-нің едәуір бөлігі әлі де энергетика
секторына тиесілі болғанымен, экономиканы әртараптандыруға күш саламыз.
Автомобиль құрастыру, фармацевтика, металл өңдеу және машина жасау
салаларындағы өсімді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан бизнес жасауға ерекше
қолайлы орта қалыптастыру арқылы шетелден кең көлемде инвестиция тартуды
жалғастырып отыр.
Бүгінде Германия
– Қазақстан экономикасына қаржы құйған жетекші инвесторлардың және ең ірі сауда
серіктестерінің бірі. Германияның Орталық Азия өңірімен сауда-саттығының
шамамен 83%-і Қазақстанның үлесіне тиесілі. 2022 жылдың қорытындысы бойынша
екіжақты тауар айналым 25%-ке өсіп, 2,8 млрд долларды құрады.