Қазақстан ОПЕК+ қатысушы басқа елдерімен бірге мұнай
өндіруді қысқарту туралы келісімді тағы да ұзартады. Бұндай шешім 38-інші
министрлік кездесуінде қабылданды. Еліміздің бейінді министрілігінің
мәлімдеуінше, отырысқа қатысушылар Келісімнің негіздерін ұстанатынын растады. Осылайша
әлемдік мұнайдың 40%-тен астамын өндіретін Картель қара алтынды 2025 жылғы
наурыздың соңына дейін тәулігіне 2,2 млн баррельге азайту және күніне 1,65 млн
баррель өндіруді шектеу туралы келісімді 2026 жылғы желтоқсанның соңына дейін
ұзартуға уағдаласты. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері ОПЕК+ мүше
сегіз ел мұнай өндіру көлемін келісім аясында белгіленген мөлшерден тыс өз
еркімен төмендетіп келеді.
Жеңіс Ермұқанов

