Президент Әкімшілігі 30 сәуірге дейін «Қазақстан Республикасы Президенті
туралы» және «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобаларын
әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына енгізеді. Дәл осы аралықта ел Үкіметі астананың мәртебесі туралы және әкімшілік-аумақтық
құрылыс туралы Конституциялық заң жобаларын дайындап, Мәжілістің қарауына жіберуі
тиіс. Сонымен қатар, Үкіметке, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға 1
шілдеге дейін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді Конституция
талаптарына сәйкестендіру бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Президент Әкімшілігі басшысының бұйрығымен Мемлекет басшысының Жарлығын орындауды бақылауды бекіту құжаты
мақұлданды. Онда құрылымдық бөлімшелерге бекітілген тапсырмалардың уақытылы әрі
толық орындалуын қамтамасыз ету жүктелген.

