Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы ҚХА төрағасының орынбасарларын қабылдады

Қазақстан Халқы Ассамблеясының сессиясы елдің бірқатар облыстарындағы ахуалға байланысты онлайн форматта өтеді. Яғни, әлеуметтік институттың  өңірлік филиалдарының мүшелері бейне конференция режимінде қатысады. Бұндай шешімді мемлекет басшысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары – Юрий Шин және Лугмар Буларовпен кездесу барысында қабылдағанын мәлімдеді. Президентке Ассамблеяның 33-і сессиясына дайындық барысы туралы есеп берілді. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның табиғи апаттан зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек көрсеткенін тілге тиек етті.