Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудты қос ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Жеделхатта Мемлекет басшысы осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтті.
Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тараптардың өзара ынтымақтастығы артып, жан жақты қарым-қатынасы одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.