Астанада Конституциялық комиссияның 5-отырысы өтті

Астанада Конституциялық комиссияның 5-отырысы өтті

Конституциялық комиссияның 5-отырысында комиссия мүшелері ұсынылған өзгерістерді талқыға салды. Жиында республикалық референдум атауын жалпыұлттық референдум деп өзгерту ұсынысы айтылды. Адвокаттардың мәртебесін нығайтатын нормалар қолдау тапты. Халық кеңесінің құрамы мен қызметі туралы сөз қозғалды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бұған дейін қызмет атқарған Ұлттық Құрылтайдың орнын басады. Халық кеңесінің құрамы елдегі этностардың өкілдерінен, қоғамдық бірлестіктерден, сондай-ақ өңірлердегі мәслихаттардан құралады. Бұл өз кезегінде жергілікті жердегі жағдайды ескеруге мүмкіндік бермек.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?