Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайған, ал транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақстан темір жолы» ҰК басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов баяндады. Мұндай көрсеткіштер қазақстандық логистикалық инфрақұрылымға сұраныстың өскенін және елдің көлік әлеуетін нығайтуға күш салып жатқанын көрсетеді. Жалпы алғанда, трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатыр. Сонымен қатар, логистиканы оңтайландырып, тасымалдың тиімділігін арттыру үшін терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Кездесуде цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылды. Мысалы, Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларациялауды автоматтандырудың арқасында декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?