Қазақстан Президентіне Түркияның жоғары мемлекеттік наградасы табыс етілді

Қазақстан Президентіне Түркияның жоғары мемлекеттік наградасы табыс етілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысына оны Режеп Тайип Ердоған табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 – Бұл жоғары марапатты түрік елінің барша қазақ халқына көрсеткен ерекше құрметі деп санаймын. Осы игі бастама – тамыры бір, діні мен ділі ортақ халықтарымыз арасындағы мызғымас достықтың айқын белгісі, қастерлі құндылықтарымызды дәріптейтін маңызды қадам. Сондай-ақ бұл – қазақ-түрік стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға деген өзара ұмтылыстың айғағы

Президент әріптесі Режеп Тайип Ердоғанды әлемдік деңгейдегі көреген, ықпалды, аса көрнекті саясаткер, өңірлік және жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосып отырған тарихи тұлға деп атады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның қазақ-түрік қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан сүбелі үлесіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

 – Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында сауда-экономикалық саладағы жетістіктеріміз мол. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз жылдан-жылға нығая түсуде. Халықаралық сахнадағы ықпалдастығымыз – белсенді. Біздің елдеріміздің жаһандық тұрақты даму және қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұстанымдары – ортақ. Әсіресе, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы тиімді іс-қимылдарымызды атап өткім келеді. Сонымен бірге екіжақты ынтымақтастықты еселеп, оны жаңа сапалы деңгейге көтеруге толық мүмкіндік бар. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?