Жұмыспен қамту сапасын арттыру, зейнетақы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік
қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту. Қазақстан Президенті Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевқа осындай тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде
баяндалды. Осылайша, уақытша шаралардан гөрі тұрақты және сапалы жұмыс
орындарын ашу, еңбек ұтқырлығын арттыру және білім беру жүйесі мен нарық
сұранысы арасында тығыз байланыс орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар,
Президентке көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берілді. Оның аясында елдегі көші-қон
үдерісін басқару және болжау деңгейін жақсарту және ішкі миграцияны теңгерімді
жүргізу көзделген.

