Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сарапшылар наркотизм ұғымының нашақорлықтан әлдеқайда кең екенін айтады. Ол көптеген ауқымды проблемалармен, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік мәселесімен ұштасып жатыр. Мемлекет басшысы нашақорлық пен есірткі бизнесіндегі әлемдік үрдіс алаңдатарлық сипатқа ие болғанын айтты. Бұл ретте мемлекеттік саясат есірткі саудасында қатаң және мүлде төзбеушілік ұстанымда болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық-сараптамалық жұмысты жетілдіру, сондай-ақ химиялық заттардың таралуын қадағалау мәселелерін тағы бір маңызды міндет деп санайды. Президент Үкіметке, өңір әкімдеріне және жауапты мемлекеттік органдарға нашақорлықтан сақтандыру және есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларын күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?