Астанада сарапшылар Қазақстанның БҰҰ-ғы рөлін талқылады

Астанада сарапшылар Қазақстанның БҰҰ-ғы рөлін талқылады

Ядролық қарусыздану, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақты даму. Елордада БҰҰ-ның жаһандық қызметінде маңызды орын алатын Қазақстанның бастамалары талқыланды. Президенттік орталықта әлемдік Ұйымның 80 жылдығына және еліміздің оған мүшелік етуіне 33 жыл толуына орай панельдік пікірталас өтті. Еске сала кетейік, Қазақстан 1992 жылы БҰҰ-ның қатарына қосылды. Шараға қатысушылар еліміздің бейбіт әлем құру жолында қауіпсіздік пен орнықты дамуға қосқан үлесін саралады. Сарапшылар бұл ретте Қазақстанның беделі асқанын алға тартады. Жиында дипломаттар, саясаттанушылар мен ғалымдар климаттың өзгеруі және жаһандық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін атап өтті. Мамандар Қазақстанның әлемдік институтпен ынтымақтастық әлеуетіне жіті тоқталды.


Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:

- Қазақстан бүгінде саяси жүйесі дамыған және экономикасы қалыптасқан ел. Дейтұра, Біріккен Ұлттар ұйымы аясында жинақталған тәжірибені өз кәдемізге жарата білу аса маңызды.  Әлемдік ұйыммен өзара іс-қимыл қарқынды дамуымызға қызмет етеді. Қазақстан өз аумағында ядролық қаруды және қауіп төндірген инфрақұрылымды жою жөніндегі бастамалар көтерді. Сондай-ақ, қазігі таңдағы соңғы бастамалардың бірі Алматыда Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін тұрақты даму жөніндегі өңірлік орталық ашу бойынша жұмыс істеудеміз. Ол БҰҰ-ның барлық құрылымдарын біріктіріп, бүкіл аймақтың игілігі қамындағы жобаларды үйлестіру бағытында күш-жігерді біріктіруге серппін береді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?