Биыл сессия басталғалы Мәжіліске
барлығы 106 заң жобасы түскен. Оның 35-ін төменгі Палата депуттаттары қабылдап,
Сенатқа жіберді. Ел Президенті 26 заңға қол қойды. Мәжіліс төрағасы осы жылдың
соңғы жалпы отырысында атқарылған жұмысты қорытындылады. Ерлан Қошанов бүгінде Мәжіліс түрлі көзқарас пен саяси
пікірлер тоғысқан алаңға айналғанын атап өтті. Көктемгі саяси науқан
нәтижесінде депутаттық құрам жаңарды. Қатарға 6 саяси партия мен бір мандатты
округтерден сайланған өкілдер келді. Олар бүгінге дейін 233 депутаттық сауал
жолдаған.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті
Мәжілісінің төрағасы:
-Парламенттік талқылаудың,
депутаттық сауалдың мазмұны мен деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Осылайша,
бәріміз жаңа саяси мәдениет қалыптастыруға атсалыстық. Биыл депутаттар Мемлекет
басшысының «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси
формуласын іске асыруға белсенді түрде үлес қосты. Келер жылы Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру және халықтың мүддесін қорғау
бойынша жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жұмысты жалғастыратын боламыз.