Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың
бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды. Рәсім швейцариялық
Давос қаласының Конгресс-орталығында өтті. Оған Қазақстан Президентінен басқа
18 елдің басшылары мен өкілдері қатысты.

