Қазақстанда
2023 Жылы Денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде
сол қаражаттың жартысы амбулаторияларға жұмсалады. Оңалтуға келер болсақ,
қаражат көлемі 13 есеге артып, 78 млрд теңгеге жетті. Жалпы, Қазақстан
медицинаны қаржыландыру межесін сенімді түрде көтеріп келеді. Жоспар бойынша
2027 жылы денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы Жалпы Ішкі Өнімнің 5% жету
керек. Биыл еліміздің өңірлерінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды. Олар
негізінен ауруханалар мен емханалар. Сонымен қатар 80 медициналық мекемеге
жөнедей жұмыстары жасалды. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту
бағдарламасы аясында шприц өндірісі іске қосылды. Оңтүстік кореялық компанияның
ультрадыбысты стационарлық диагностикалық жүйелері мен есту аппараттары, сәуле
жіберуші және сүзгіш жартылай маскалар да елімізде жасалады. Сондай-ақ,
трансплантология, кардиохирургия, онкология, инновациялық жасушалық
технологиялар бойынша 80 жаңа инновациялық жобалар іске қосылды. Осы арқылы 20
мың адам ем алды.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Президентіміздің қолдауының
арқасында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы басталғанын айтқым
келеді. Келесі жылдан бастап, 500 астам нысанның құрылысы басталады. Сонымен
қатар, 32 аудандық аурухана жаңартылады. Олардың ішінде, ауданаралық мекемелер,
инсульт, қан-тамырлары мен шағын хирургиялық орталықтары ашылады.