Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту
мәселелері жөніндегі отырысын
өткізді. Мемлекет басшысы
«Жасыл дәліз» жүйесін ұйымдастырып, еліміздің логистикалық әлеуетін оңтайлы
пайдаланудың маңызына тоқталды. Президент
жүк тасымалы көлемін арттыру үшін нарықты авиаотынмен жеткілікті деңгейде
қамтамасыз ету қажет деп санайды. Бұдан
бөлек, мультипликативтік тиімділікті көтеру мақсатында еліміз арқылы өтетін жүк
тасымалы көлемін ұлғайту, соның ішінде әлемдік жеткізу тізбегіне қосылу міндеті
қойылды. Президент
көлік-логистика саласындағы мәселелерді
шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

