Қазақстан мұнай өндірісін ерікті түрде 82 мың баррель қысқартады

Қазақстан мұнай өндірісін ерікті түрде 82 мың баррель қысқартады

Қазақстан мұнай өндірісін ерікті түрде тәулігіне 82 мың баррель деңгейінде қысқартады. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешім ОПЕК + қатысушы басқа елдермен Министрлік кездесуінде мәлімдеді. Осылайша, Қазақстанда мұнай өндірісі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 млн 468 мың баррельге дейін азаяды. Келешекте қысқартылған қосымша көлем нарық жағдайына байланысты біртіндеп қалпына келтіріледі. Өз кезегінде бұл мұнай нарығындағы тұрақтылықты  қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан сәуірде қара алтынды өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге  қысқарту туралы шешім қабылдады. Ол келесі жылдың желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.