Америка Құрама Штаттары Қазақстан Президентінің саяси жаңғыру және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру жөніндегі реформаларын толық қолдайды, сондай-ақ 5 маусымда өткен референдумды осы реформаларды іске асырудағы кезекті қадам ретінде бағалайды. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея Қазақстан Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханға жолдаған хатында атап өтті.
«Біз Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесін демократияландырудың, ашық және халық үніне құлақ асатын институттар құрудың, сондай-ақ дербес азаматтық қоғаммен бірлесіп адам құқықтарын қорғау саласын күшейтудің күрделі жолында әрдайым көмектесуге дайынбыз», - деп атап өтті АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары. Сондай-ақ, ол АҚШ бейбіт, тұрақты, өркендеген және демократиялық Қазақстанды құптайтынын жеткізді.