Қазақстанда IV халықаралық эндаумент форумы өтті

Қазақстанның эндаумент қорларының халықаралық ынтымақтастығы артып келеді. Соңғы жылдары еліміздің жоғары оқу орындарында ьұндай қосымша қаржы көзінің бағыты кең етек жайған. Мұны Астанада өткен IV халықаралық эндаумент форумы айғақтайды. Жиында отандық сала мамандары тәжірибелі шетелдік әріптестерімен шеберлік алмасты. Қазақстан АҚШ, Түркия және Ресей сарапшылары мен ғалымдары эндаумент қорларды басқарудағы цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Сьюзан Холтер, Минисота университетінің дамыту жөніндегі бас директоры, АҚШ:

- Біздің қорға шамамен 5 млрд долларға жуық қаржы жиналды. Мен АҚШ-тың Минисота университетінен келдім. Бізде 525 эндаумент қоры бар. Жалпы бұл құрылымдар 17 бағыт бойынша жұмыс істейді. Біз осы бағытта жақсы қарым-қатынас орнатуға ниеттіміз. Мен осы салада бұған дейін бар білгеніммен бөлісуге дайынмын. Сіздердің тараптан да үйренерім барына сенімдімін.

Қай елде болмасын құрылған эндаумент қорларының басты мақсаты білім мен ғылымды қолдау. Жиналған қаржының дені студенттерге стипендиялар мен гранттар бөлуге бағытталады.

Шыңғыс Шарапиев, «Endowment Qazaqstan Halqyna» корпоративтік қорының директоры:

- Біз жыл сайын жекелеген санатардағы студенттер үшін бакалавриатқа түсу үшін 850 грант тағайындаймыз. Бүгінгі таңда осының арқасында 3 мыңнан астам студент оқып жатыр. Аталған бағдарламаның жылдық қоры 2 млрд теңгеден асады. Біздің бағдарламаға ел аумағындағы барлық дерлік университеттер қатысады. Қазір олардың саны 93 жетті. Аймақтық ЖОО басымдық беріледі.

Қазақстан Президентінің Жолдауында университеттердегі эндаумент қорлары білім беру экожүйесін дамытудың негізгі буынына айналуы тиістігі айтылды. Қазір елімізде бұл салаға құқықтық негіз беретін арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.