Үкіметте еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды

Үкіметте еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды

Халықты жұмыспен қамту мәселесін кешенді түрде шешу үшін қазіргі таңда еңбек нарығын трансформациялау жүріп жатыр. Мұнда азаматтар үшін жұмыс пен білім беру беру курстарын автоматты түрде таңдауда жасанды интеллект енгізу жоспарланып отыр. Мәселен, «Мансап компасы» платформасы жастарға мамандықты таңдауға көмектеседі. Skills Enbek онлайн-жүйесі қайта даярлау мен жаңа дағдыларды игеруді ұсынады. Ал отбасы мен кәсіпорындардың сандық карталары мамандарға деген қажеттілік пен жұмыспен қамту жағдайларын нақты талдауға мүмкіндік береді. Еңбек нарығын трансформациялау және оған инновациялық шешімдерді енгізу мәселелері үкімет отырысында талқыланды. Премьер-Министрдің айтуынша, инвесторлардың жауапкершілігі мен жұмыс орындарының сапасына ерекше назар аудару қажет. Сондай-ақ Олжас Бектенов деректерді мемлекеттік инфрақұрылымға ықпалдастыруды және тиімділікті бағалау үшін KPI жүйесін енгізуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

 – Бүгінде елімізде ауқымды логистикалық және энергетикалық жобалар іске асырылып жатыр. Түрлі салаларға цифрлік шешімдер енгізілуде. Жалпы кешенді шаралар жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Жұмыс орындарын құрудың сапалы мониторингін қамтамасыз ету үшін Инновациялық жобалар навигаторы әзірленді. Ақпараттық жүйе жаңа жұмыс орындарының санын, олардың еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін, сондай-ақ жұмыс берушілердің жұмыспен қамту жоспарларының орындалуын қадағалайды.

Цифрлық шешімдерге баса назар аудара отырып, еліміздің отын-энергетикалық кешенінде де жаңа жұмыс орындары белсенді түрде құрылуда. 2029 жылға дейін салада 200-ден астам инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Кадрларды даярлау үшін Энергетика министрлігі энергетика және мұнай-газ секторындағы кәсіби біліктілік бойынша салалық кеңестер құруға бастамашы болды. Олар сандық дағдыларды ескере отырып, кәсіби стандарттарды әзірлеуге және өзектендіруге жауап береді.

Құдайберген Арымбек, ҚР Энергетика Вице-Министрі:

- 2025 жылға мұнай-газ саласында 17 кәсіптік стандартты өзектілендіру, энергетика саласында 27 кәсіптік стандартты өзектілендіру және 4 кәсіптік стандартты әзірлеу жоспарланған. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласында барлық 17 кәсіптік стандарт оң қорытынды алу үшін еңбек ресурстарын дамыту орталығы АҚ-да. Энергетика саласында 23 кәсіптік стандарт бойынша оң қорытынды алынды. 8 кәсіптік стандарт еңбек ресурстарын дамыту орталығы АҚ-да сараптамада.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?