Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев федеральдық сайлауда Канада Либералдар партиясының жеңіске
жетуіне орай Премьер-министр Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы
Астананың Оттавамен көпжоспарлы серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар,
экономиканың түрлі секторындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға
дайын екенін растады.

