Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің мемлекет басшылары Тәуелсіздік сарайында әуелі шағын құрамда бас қосып, экономикалық интеграцияны одан әрі дамыту келешегін талқылады. Жиынға Беларусь, Қырғызстан, Ресей президенттері қатысты, сонымен қатар Армения Премьер-министрі бейнебайланыс арқылы қосылды.

Одан кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамдағы отырыста бас қосты. Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі серіктестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, өнеркәсіп, көлік және логистика, аграрлық сектор, цифрландыру және жасанды интеллект секілді басты бағыттар бойынша өзара тиімді ықпалдастықтың келешегі қарастырылды. Келесі жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қазақстан төрағалық етеді. Жиын соңында бірқатар құжатқа, соның ішінде Моңғолиямен сауда келісіміне және Біріккен Араб Әмірліктерімен экономикалық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?