Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Мемлекет басшысы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының төрағасы Пере Жоан Понспен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстанның ұйыммен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді. Президент Астананың экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігеріне дәйекті қолдауға жоғары баға берді. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы диалог, сенім мен түсіністік құралы ретінде парламенттік дипломатияға айрықша мән беретінін жеткізді. Өз кезегінде Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Ол бірлескен бастамалар жолында Орталық Азия елдерінің жұмыла білетініне көз жеткізгенін айтты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?