Сенат ЕАЭО аясында кедендік баждарды бөлу тәртібін мақұлдады

Сенат ЕАЭО аясында кедендік баждарды бөлу тәртібін мақұлдады

Қазақстан Президентінің реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Сенаттың негізгі басымдығы болып қала береді. Бұл жөнінде бүгін Палата спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Мемлекет басшысы берген тапсырмалар қатарында жаңа Бюджет және Салық кодекстерін мақұлдау мен жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасын және цифрлық активтерді қолдану аясын кеңейту үшін инфрақұрылым құру жөнінде түзетулер қабылдау бар. Сондай-ақ, Жоғарғы Палата отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында кедендік баждарды есепке алу және бөлу тәртібі мақұлданды. Яғни, Одақтың тиісті келісіміне енгізілген түзетулер мен өзгерістерді Қазақстандық тарап ратификациялады. Құжат кедендік баждарды әкімшілендіру кезіндегі кедергілерді жоюға бағытталған. Ол біріңғай экономикалық кеңістік аясына тауарларды әкелу немесе шығару кезінде қолданылатын алымдар. Аталған хаттаманы құптау еліміздің бюджетіне кедендік аударымдардың үздіксіздігін қамтамасыз етпек.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Ұлтық банкі төрағасының орынбасары:

- Мемлекет басшылары Үкіметке елдердің макроэкономикасы өзгеріп отырғанын ескере отырып, бұл әдістің өзі аса сезімтал болуы үшін тәсілдерді өзгерту бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Бұл бізге өзара міндеттемелерді ұлттық валютамен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, құжатты мақұлдау қатысушы елдердің кедендік төлемдер бойынша өзара міндеттемелерін орындауына тың серпін қосарына сенімдіміз.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?