Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне 2022-2024 жылдарға мүше болып сайланды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде атап өтілгендей, Қазақстанның дүниежүзілік ұйымның бас құқық қорғау органына сайлануы оның Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарды ілгерілету процесіне белсенді және жауапты қатысушы ретіндегі рөлін мойындау болып табылады. Сонымен қатар республиканың кеңестегі жұмысының басым бағыттары да айқындалды. Атап айтар болсақ, әйел құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, өлім жазасын жою, адам құқықтарын құрметтеу болып келеді.