Бір палаталы Құрылтай сайлауы биыл тамыз айында өтеді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент қоғам мен саяси партияларды негізгі мемлекеттік үдерістер туралы алдын ала хабардар етудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция күшіне енген сәттен бастап тиісті Жарлыққа қол қоятынын атап өтті. Мемлекет басшысы партиялардың саяси науқанға жоспарларын айқындап, сайлаушылармен жұмыс істеуге толыққанды дайындалу үшін жеткілікті уақыты бар екенін алға тартты. Есге сала кетсек, 15 наурызда жалпыреспубликалық референдумда Қазақсстан азаматтары жаңа Конституцияның қабылдануын және бір палаталы Құрылтайға көшуді қолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Партиялардың
жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты
болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес
айға жуық уақыт беріледі. Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін
жаппай «қайта құруға» жол ашады. Бұл ретте біз жүзеге асырып жатқан саяси және
экономикалық реформалар қоғамдық сананың оң сипатта өзгеруіне әсер етуге тиіс.

