Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесуінде талқылады. Президент Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасын Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Оны Түрікменстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялады. Мемлекет басшысы Қазақстан Ашхабадтың бейбітшілік бастамасын жүзеге асыру үшін қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Әңгімелесу барысында өңірлік ықпалдастық және алда жоспарланған бесжақты форматтағы іс-шараларға айрықша мән берілді.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

