Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумның ақпараттық-түсіндіру науқаны аяқталып келеді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Telegram каналында жазды. Ерлан Кариннің айтуынша, бұл – Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ, 400 күнге созылған науқан. Осы уақыт ішінде халық өзінің салмақты пікірін қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Ерлан Қарин, ҚР мемлекеттік кеңесші:
– Науқан байсалды түрде, өзара түсіністік жағдайында өтті. Референдум кезінде еліміздегі қоғамдық күштер алғаш рет саяси емес, экономикалық мүдде тұрғысынан күш-жігерін біріктіргенін атап өткен жөн. Amanat партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік. Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрды. Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді, оған энергетика саласының жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты.