Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

Қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирмен талқылады. Президент Қазақстанның Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сондай-ақ, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті барын айтты. Ал Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?