Жаңа Конституция - Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі

Жаңа Конституция - Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі

Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Еуропалық депутат Тьерри Марианидің пікірінше, елдегі конституциялық өзгерістер уақтылы орын алған. Француз саясаткері тәуелсіздік жылдарында республика едәуір экономикалық өсімге қол жеткізіп, әлемдік аренада өз ұстанымын нығайтқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстан келесі сатыға қадам басып, саяси жүйені жаңғыртуда, қазіргі заманғы мемлекеттік институттарды дамытуда және демократиялық өзгерістер бағытын жалғастыруда.


Тьерри Мариани, Еуропалық Парламент депутаты:

- Сенат пен Мәжілістің таратылуы мемлекеттік институттарды қоғамға неғұрлым жедел жауап беретін, ашық әрі заманауи әлемге бейім етеді. Францияда заң қабылдау кейде бір жылдан екі жылға дейін созылады, себебі Сенат әдетте консервативті болып, реформаларға қарсылық танытады. Қазақстанда демократия қазірдің өзінде берік қалыптасқан. Ал тезірек дамып, жедел шешімдер қабылдау үшін бұл – тиімді тәсіл.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?