Қасым-Жомарт
Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау
жеделхатын жолдап, Қытай Халық Республикасының құрылғанына
75 жыл толуымен құттықтады. Мемлекет
басшысы Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық
тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып отырған мемлекет ретінде атап
өтті. Президент
Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында
қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің достық пен тату
көршілікке негізделген байланысы ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.