Қ. Тоқаев алдағы ұстаздар күнімен құттықтады

Қ. Тоқаев алдағы ұстаздар күнімен құттықтады

Бүгін Мемлекет басшысы педагогтерді алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады. Ол мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. Себебі әрбірінің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Мемлекет өз кезегінде бұл саланың дамуына баса мән береді. Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша 150 білім ошағы салынды. Педагогтердің мәртебесін көтеруге бағытталған арнайы заң қабылданды. Жастар ұстаз болуға ұмтылады. Биыл мұғалімдер даярлау үшін 13 мыңнан астам грант бөлінді. Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылымға назар аудармай алдыңғы қатарлы ұлт болу мүмкін емес екенін тағы да атап өтті. Сондықтан Президент саланы цифрландыру әлеуетіне жеке тоқталды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Цифрлық сауаттылықты балаларға мектептен бастап үйреткен дұрыс. Оқушылар озық технологияны оқуда тиімді пайдалана білгені жөн. Бұл – ұстаздарға да қатысты мәселе. Мұғалімдер заманауи дағдыларды жетік меңгеруі қажет. Жасанды интеллектіні білім саласында кеңінен пайдаланған абзал. Цифрлық ел болу – бір күннің шаруасы емес. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – мектептен бастап түбегейлі жаңа тәсілмен жұмыс істеу деген сөз. Сіздер, құрметті ұстаздар, осы маңызды миссияны жүзеге асыруға атсалысып, белсене жұмыс істейсіздер деп сенемін.

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ұстазды - мектеп мұғалімдері мен колледж бен жоғары оқу орындарының оқытушыларын білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және елімізге сіңірген айрықша еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?