Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Германия Бундесратының Президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті. Президент Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атап, бұл ел экономикамыздың жетекші инвесторының бірі саналатынын айтты. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға елдегі ауқымды саяси реформалар мен экономикалық саясаттың басым бағыттары жайында әңгімелеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- «Қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларды, цифрландыру және жасанды интеллектті дамытуға күш салу керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын да өркендету қажет».

Анке Релингер, Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті:

- «Ой-пікір алмасуға уақыт бөлгеніңіз үшін көп рақмет. Сіздің ыстық ықыласыңызды Федералдық Президент Штайнмайерге жеткіземін. Ол – Қазақстан мен Орталық Азияның шынайы досы. Қазақстан орта держава ретінде біздің осы өңірдегі негізгі серіктесіміз».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?