Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев II Абдалла бен әл-Хусейн мен иордан халқын барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан Иордания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Иордания – Қазақстанның Таяу Шығыстағы және араб елдері өңіріндегі сенімді серіктесі екенін атап өтті. Сондай-ақ Иордан корольдігі басшысының екі ел арасындағы достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген қатынастарды дамытуға қосқан үлесіне тоқталды.