Енді қазақстандықтар Тайландқа визасыз бара алады. Еліміздің
азаматтарына уақытша рұқсатты осы мемлекеттің үкіметі бекітті. Таиланд пен Қазақстан арасындағы
визасыз режим 2023 жылдың 25 қыркүйегінен бастап 5 ай бойы қолжетімді болады. Бұл
кезеңде азаматтарымыз туристік елде 30 күн визасыз жүре алады.
Қазақстан Гонконгпен визасыз режимді бір айға дейін ұзартуды
ұсынды
Қазақстан Гонконгпен де визасыз режимді ұзартуды ұсынды. Осыған
дейін бұл елде болу мерзімі 14 күннен аспаса, енді ол бір айға дейін ұзартылуы
мүмкін. Сонымен қатар жоспарда тікелей әуе рейстерін жандандыру да бар. Республиканың Сауда және интеграция министрлігінің ақпараты бойынша, бұл өзара
алыс-берісті және мәдени-гуманитарлық
ынтымақтастықты жандандыра түседі. Айта кетейік, жалпы Қазақстан 26 елмен өзара
визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізуде.