Алматының апорты халықаралық
аренада қазақстандық тауар ретінде ресми түрде тіркеледі. Бұл бағытта жұмыс
басталып та кетті. Алма өсірушілер ассоциациясы тиісті құжаттар дайындап жатыр.
Мамандардың айтуынша, географиялық белгі ретінде тіркелгеннің арқасында,
алматылық апорт бүкіл әлемге белгілі болуы мүмкін.
Шолпан Абдреева, ҚР Әділет министрлігінің
зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры:
-Алматының апорты туралы айтатын
болсақ, бұл географиялық атауды иелену үшін өтінім ағымдағы жылдың 29-шы
тамызында берілді. Бұл дегеніміз 4 ай ішінде өтінім қаралады. Күні кеше белгілі болғандай, 13-ші қазан
«Алматылық апорт» географиялық белгісі берілгені туралы куәлік табысталды. Бұл
дегеніміз, қазір алматылық апорт бізде ұлттық деңгейде географиялық белгі
бойынша тіркелді.
Естеріңізге сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан 4 жыл бұрын тиісті тапсырмалар берген болатын. Мемлекет басшысының айтуынша, Отандық апорт «Рокфорд» пен «Пармезан» ірімшіктері мен «Бордо» шампаны секілді бүкіл әлемге әйгілі бренд болуы қажет.
Шолпан Абдреева, ҚР Әділет министрлігінің
зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры:
-Шет елдерде, мәселен Еуропа мемлекеттерінде
немесе Қытай мен Америка аумақтарында құқықтық қорғауға алу үшін Ассоциация сол
көмекті алғысы келетін мемлекеттердің тізімін жасауы керек. Тиісінше, олар сол
көмекті алғысы келетін елдерді анықтаған кезде, Әділет Министрлігі оларға толық
құқықтық көмек көрсетіп, зяткерлік меншік институты өтінішті жіберуге атсалысады.