Қазақстанда тауардың географиялық көрсеткіштерін қоса беру үрдісі қарқын алып келеді. Жыл басынан бері Ұлттық зияткерлік меншік институтына өнім шыққан жердің атауларын тіркеуге қатысты 170 астам өтініш түскен. Олардың 38 мақұлданса өзгелері мамандардың қарауында жатыр. Атап айтсақ, «Талғар алмұрты», «Нарынкөл картобы», «Көкшетаулық балмұздақ», «Қостанайлық бал» жақында жаңа географиялық көрсеткіштердің қатарына енді. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында Әділет министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Елімізде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері жетілдірілуде. Оларды қорғау үшін халықаралық әріптестік те дамып келеді. Сингапурмен биыл тиісті келісімге қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі ретінде бұндай заң бұзушылықтарды анықтау және контрафактілік өнімдермен күрес жөніндегі бірлестіктің жұмысына белсенді қатысады. Бұл ретте айта кетерлігі соңғы 5 жылда одақ аумағында сәйкес келмейтін тауарлардың 60 млн астамы тәркіленген.
Ернар Бакенов, ЕЭК кәсіпкерлік қызметті дамыту
департаментінің директоры:
- Зияткерлік меншік нысандарының бірыңғай кедендік
тізілімі бойынша жүргізіліп жатқан сынақтар аяқталуда. Тауар таңбаларын және шығарылған
жерлердің атауларын тіркеу жүйесін құруға қатысты үрдіс те тәмамдалуға жақын.
Яғни, біз қазір осы бағытты дамытуға белсене кірістік. Мүше мемлекеттердің күш-жігері белгілі бір
деңгейде үйлесімді және осы шаралардың барлығы әрбіріне бірдей тиімді болуын
ескеріп тиісті құқықтық база жасаймыз.
Жеңіс Ермұқанов.

