Президент Үндістан Премьер-министрін Республика күнімен құттықтады

Президент Үндістан Премьер-министрін Республика күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне Республика күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?