Әуе жолдарының халықаралық желісі 22 бағыт бойынша кеңейтілді

Әуе жолдарының халықаралық желісі 22 бағыт бойынша кеңейтілді

Қазақстанда «Қарағанды - Алматы», «Талдықорған - Өскемен», «Ақтөбе - Қандыағаш» және «Атырау - Астрахань» төрт негізгі көлік дәліздерін – жаңғырту аяқталды. Жалпы, Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл жөндеу жұмыстарымен 12 мың шақырым жол қамтылған. Жалпы 2024 жылы жол құрылысы және көлік инфрақұрылымын жаңарту саласында кешенді жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, бір мың шақырымнан астам темір жол қайта жөнделді, вагон паркі де жаңартылды. Сонымен қатар Авиация саласында қазақстандық компаниялар бірқатар ұшақ сатып алды. Сондай-ақ, халықаралық әуе бағыттарының желісі де біршама кеңейтілді. Бұдан бөлек, Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа терминалдардың құрылысы аяқталды. Осылайша, елде жүк тасымалы мен тауарлар транзитiнiң көлемi артты.


Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі:


- Жалпы алғанда, көлік қызметтерінің көлемі қаржылай түрде 13%-ке өсіп, 7,7 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде жүк тасымалының өсуі байқалады: автомобиль көлігімен 19,8%-ке; жүктерді құбыр көлігімен тасымалдау 7,5%-ке; теміржол көлігі бойынша 2,6%-ке артты.


Биыл АӨК секторында да жақсы көрсеткіштер бар. Жыл басынан бері жалпы өнім көлемі 13,5%-ке артып, 8 трлн теңгені құрады. Салалық ведомствоның мәліметінше, мұндай көрсеткіштер өсімдік және мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді.


Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:


- Жылдың соңына дейін дәнді дақылдарды, майлы дақылдарды өңдеу есебінен және қант өндіру есебінен, осы салада жоғары көрсеткіштерге қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Саланың даму қарқынының төмендеуіне жол бермеу мақсатында, келесі жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге, ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі 200 млрд теңгеге жеткізілетін болады.

Авторы: Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?