ЕАДБ Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция салды

ЕАДБ Қазақстанға 1 млрд доллар инвестиция салды

Биыл ЕАДБ-ның Қазақстан экономикасына салған жаңа инвестициялары кемінде 1 млрд долларды құрайды. Негізгі жобалар пулы көлік, өнеркәсіп, энергетика, АӨК салаларын, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жүргізу мен жаңғыртуды қамтиды. Қазақстан Премьер-Министрі Еуразиялық даму банкі басшысымен инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылап, Мемлекет басшысының жол желісін дамыту, тұрғын үй құрылысы және газдандыру саласындағы бастамаларын іске асыруға инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, өткен жылы ЕАДБ Қазақстанда бірқатар ірі жобаларды қаржыландырды. Олардың қатарында полипропилен шығаратын зауыт, магистральдық тепловоздар сатып алу, Қостанай облысында жел электр станцияларының құрылысы және т.б. бар. Жылдық инвестициялардағы Қазақстанның үлесі 2023 жылы 59%  дейін өсті.