Астанада Экспорттаушылардың екінші форумы өтіп жатыр

Астанада Экспорттаушылардың екінші форумы өтіп жатыр

Қазақстан көлік-логистикалық әлеуетті кеңейтуге ниетті. Мамандардың мәліметінше, ортамерзімді перспективада біздің ел арқылы қытай жүктерін ауыстырып тиеу бірден 5 есеге артуы мүмкін. Бұл туралы сарапшылар Экспорттаушылардың екінші форумы мен Қазақстан мен Қытайдың Сычуань провинциясы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі конференцияда сөз қозғады. Шара аясында қос тараптың кәсіпкерлері құны 165 млн долларға тауар тасымалдау туралы келісімге қол қойды. Айта кетейік, Қазақстан аспан асты еліндегі ең ірі провинциялардың бірімен алыс-берісті одан әрі арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінде Сычуаньмен сауда-саттық АҚШ валютасында 230 млн-ды  құрайды. Оның ішіндегі 45 млн доллары қазақстандық экспорт үлесінде екенін айта кетейік. Десе де, провинция отандық май, астық, сусын, кондитерлік өнімдер мен өзге де тауарларға қызығушылық танытып отыр. Одан бөлек, жақын арада Сычуаньда QazTrade сауда өкілдігі жұмысын бастамақ. Экспорттық оператор отандық кәсіпорындар мен аспан асты елінің компаниялары арасындағы байланыстырушы мекеменің рөлін атқармақ.