Қазақстан Президентінің «Российская газета» басылымында мақаласы жарық көрді

Қазақстан Президентінің «Российская газета» басылымында мақаласы жарық көрді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Российская газета» басылымында «Мәңгілік достық — халықтарымызға жол сілтер темірқазық» атты мақаласы жарық көрді. Онда  екі елдің ортақ құндылықтарға, мәдениетке және өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынасы сипатталған. Мемлекет басшысының пікірінше, елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық – Еуразиядағы қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудың аса маңызды факторы. Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің өзара ынтымақтастығы жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілуде. Президент Мәскеуге сапар аясында тиісті Декларацияға қол қою барлық бағыттағы тығыз іс-қимылдың жаңа кезеңін ашатынын атап өтті. Өзара алыс-берісте қарқын ала түскен. Бүгінде екіжақты тауар айналымы тұрақты өсіп, 30 млрд долларға жуықтаған. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік және логистика саласын әріптестіктің әлеуетті бағыттарының бірі ретінде атады. Энергетикалық ынтымақтастық та айрықша мәнге ие. Бұл ретте, елімізде «Росатом» басқаратын халықаралық консорциумның қатысуымен алғашқы атом электр станциясы салынбақ. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының маңызына тоқталып өтті. Алаң нақты жобалар мен экономикалық байланысты нығайтуда шешуші рөл атқарады. Сарапшылардің айтуынша, қазіргі таңда екіжақты тауар айналымының жартысына жуығы, яғни 17 млрд доллары өңіраралық сауданың үлесіне тиесілі.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Шекара маңындағы ынтымақтастық екіжақты байланыстарда маңызды орын алады. Жүк транзиті, жалпы тауар айналымы саласында әріптестік қарқын алып келеді. Сондықтан өңірлік, шекара маңындағы инфрақұрылымды қажетті жағдайға келтіру, жол машақаты мен түрлі әкімшілік кедергілерді шешу, сонымен қатар гуманитарлық бағыттар бойынша ынтымақтастық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер. Бұл ретте бірлескен кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?