Қазақстанда алғаш рет биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада өтеді

Қазақстанда алғаш рет биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада өтеді

Қазақстанда тұңғыш рет биологиядан ең беделді халықаралық олимпиада өтеді. Жарыс екі турдан тұрады – теориялық және практикалық. Тапсырмалар жасушалы мен молекулалық биология, анатомия, генетика және адам мен жануардың физиологиясына қатысты болады. Атап өтсек, «IBO» олимпиадасы пәндік жарыстардан әлемде ең озық 7 сайыстың қатарына кіреді. Қазақстандық оқушылар – 28 жыл бойы осы олимпиадаға тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында олар 70-тен астам түрлі дәрежедегі медальдар жеңіп алды. Аталған нәтижені ескере отыра, халықаралық ұйымдастырушы комитеті 35-ші жаһандық деңгейдегі жарысты Астанада өткізу шешімін қабылдады. Олимпиаданың ұйымдастыру мәселелері Үкіметте талқыланды. Биология пәнінен өтетін халықаралық олимпиадаға 80 елден 500-ден астам оқушылар мен мұғалімдер қатысады. Жарыс уақытында 80 волонтёр қатысушыларға көмек көрсетпек. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?