Қазақстанда суару маусымы аяқталды. Еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің су беруге қатысты өтінімдері толық қанағаттандырылды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады. Олардың мәліметінше, оңтүстік өңірлердің шаруаларына егістіктерін суаруға шамамен 11 млрд текше метр тіршілік көзі берілді. Суармалы жерлердің жалпы көлемі 1,2 млн гектарды құрады. Бұл барлық қажетті су тартудың 97% тиесілі. Жалпы сала мамандары өткен вегетациялық кезеңнің көрсеткіштері жақсы болғанын алға тартады. Мәселен, Солтүстік Арал теңізіне биыл жоспарлы көлемінен үш есе көп, яғни 1 млрд текше метрден астам су жіберілді.
Ал Шу және Талас өзендерінің бассейнінде шаруалардың өтініштері толық жүзеге асты. Балқаш-Алакөл бассейні бойынша да бұл кезең сәтті өткен. Су артығымен жіберілді. Еліміздің өзге су қоймалары бойынша бұл шаруа өткен жылдар деңгейінде атқарылды деп көрсетілді министрлік есебінде.
Жеңіс Ермұқанов.